Ұланбатырда жалғасып жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде 6 отандасымыз шаршы алаңға шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Күндізгі сессия. 09:00
2-жұп. 65 келі Лаура Есенкелді – Анкушита Боро (Үндістан)
Анкушита Боро 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері саналады. 2024 жылы Париж Олимпиадасының лицензиялық турнирінде Римма Волосенкодан басым түскен.
5-жұп. 50 келі Санжар Тәшкенбай – Вишванаш Суреш (Үндістан)
Вишванаш Суреш – 2024 жылы Астанада өткен U22 санатындағы Азия чемпионы.
12-жұп. 65 келі Ертуған Зейнуллинов – Мирзохид Имамназаров (Қырғызстан)
Кешкі сессия. 14:00
4-жұп. 75 келі Валентина Хальзова – Суйеон Сеонг (Оңтүстік Корея)
5-жұп. 60 келі Оразбек Асылқұлов – Шунсуке Китамото (Жапония)
Шунсуке Китамото – Ливерпульдегі әлем чемпионатының қола жүлдегері. Астанадағы әлем Кубогында Серік Теміржановты жеңген.
9-жұп. +90 келі Айбек Оралбай – Арман Маханов (әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Өзбекстан)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
