in

Аида Әбікеева Олимпиада чемпионын жеңді

Қазақстандық Аида Әбікеева бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Аида ширек финалда 2020 жылғы Олимпиада чемпионы түркиялық Бусеназ Сюрменелимен кездесті.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) кем дегенде әлем чемпионатының қола медаль иегері атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.