in

Айбек Оралбай Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кездесуінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азия бокс чемпионатының финалдық кездесуінде Қазақстан атынан өнер көрсетті. Ол Қытайдан келген этникалық қазақ Данабек Байкенжемен жекпе-жекке шығып, алтын медальға таласты. Жекпе-жекте төрешілер Оралбайды бірауыздан 5-0 есебімен жеңімпаз деп таныды.

Осылайша, Айбек ерлер құрамасына биылғы құрлық біріншілігіндегі төртінші алтын медалін әкелді.

Бұған дейін алтын медальдарды Оразбек Асықұлов, Сабыржан Аққалықов және Айбектің егіз бауыры Нұрбек Оралбай жеңіп алған болатын.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатын жеті медальмен (4 алтын, 1 күміс және 2 қола) аяқтады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде көш басына шықты.