Қазақстандық боксшы Айгерім Сәттібаева Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qazsport.
Бокстан Моңғолия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтуде.
48 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айгерім Сәттібаева жартылай финалда турнир қожайыны Номундари Енх-Амгаланға есе жіберді.
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Ұлжан Сәрсенбек Моңғолияда өтіп жатқан құрлық чемпионатының ширек финалдық кездесуінде жеңіліс тапқанын хабарлағанбыз.
Айта кетейік, 30 наурызда басталған Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.
Бұған дейін жарысқа қатысатын қазақ боксшылары туралы жазған едік.
