in

Алан Құрманғалиев Францияда өткен турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортшы 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль иеленді.

Мец қаласындағы турнирде Құрманғалиев Коннор Гринді (Англия) –  3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) –  3:0, Ма Ёнминді (Корея) –  3:1, Флавио Мурьені (Франция) –  3:2, Ли Сынсуды (Корея) –  3:1, Юлиан Чиритуды (Румыния) –  3:1, Ян Хао-Дженді (Тайбэй) –  3:1 есебімен жеңді.