Қазақстандық Алан Құрманғалиев Халықаралық үстел теннисі федерациясы жариялаған жаңартылған әлемдік рейтингте жоғары сатыға көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Olimpic.kz мәліметінше, спортшы 19 жасқа дейінгі үздік спортшылар тізімінде алдыңғы қатарға жоғарылаған.
Жақында Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен WTT Youth Contender жарысында Құрманғалиев алтын медаль жеңіп алды.
Бұл жетістік оған сегізінші орыннан алтыншы орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Рейтинг көшбасшысы – Феликс Лебрен (Франция).