Сайыстың 1/8 финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик жеңіске жетті.
Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің бесінші ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперді жеңді.
Ойын төрт сетке созылды. Қазақстандық спортшы қарсыласынан 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.
Бұған дейін Александр Бубликтің1/8 финалына шыққанын жазған едік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.