Гштаад қаласында өткен турнирдің финалында Александр Бублик (ATP №34) аргентиналық Хуан Мануэль Черундолоны (ATP №109) 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бұл – Бубликтің ATP негізгі турындағы топырақта жеңіп алған алғашқы титулы.
Сонымен қатар бұл оның 2025 жылғы үшінші титулы: бұған дейін ол Туринде өткен Challenger-175 турнирінде және Галледе өткен ATP500 турнирінде жеңіске жеткен.
Жалпы, Бублик ATP деңгейіндегі алтыншы титулына қол жеткізді. Ол Монпельеде екі рет (2022, 2024), Галледе екі рет (2023, 2025) және Антверпенде (2023) жеңіске жеткен. Бұдан бөлек, оның Challenger деңгейінде жеті титулы бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз