in

Алматы әуежайынан түскен «Реал Мадрид» футболшыларын ерекше қарсы алды (видео)

Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншыларын қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның «Реал Мадрид» клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтарға қазақы қонақжайлық пен ыстық лебіз ықыласы көрсетілді. Футболшыларды УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы ерекше әсер етті. Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді.