in

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында қарсыласынан жеңісті жұлып алды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті , – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда И-Сюань Гуомен (Тайбэй) жұдырықтасты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Алуа Балқыбекова алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) кем дегенде қола алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.