Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Финалда 51 кг салмақта қазақстандық боксшы Балқыбекова түркиялық Бусе Наз Чакыроғлуға қарсы шығып, жеңіске жетті. Қарсыласы — Токио-2020 мен Париж-2024 Олимпиадаларының күміс жүлдегері, 2022 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 және 2025 жылдардағы әлем чемпионаттарының финалисі.
Балқыбекова бірінші раундты 3:2 есебімен, екіншісін 4:1 есебімен өз пайдасына жазды. Үшінші раундта да төрешілердің шешімі 3:2 болып, жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.
Айта кетейік, Балқыбекова биыл наурыз айында IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатын ұтқан болатын. Сонымен қатар ол 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль иеленген. Ал 2025 жылғы IBA әлем чемпионатында Балқыбекова 50 кг салмақта, ал Чакыроғлу 52 кг салмақта күш сынасқан еді.