in

Анна Данилина Лондонда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан беделді WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің финалына шығу үшін күреседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ширек финалда Данилина ресейлік жұбы Диана Шнайдермен бірге аустралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик жұбын жеңді.

Кездесу екі сетке созылды. Матч 7:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Анна мен Диана аустралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.