Қазақстандық шабуылшы ақтөбелік командамен бүгін ресми келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.
Тараз футбол мектебінің түлегі 2024 жылы израильдік «Хапоэль Беэр-Шева», кейін ресейлік «Сочи» сапында доп тепкен. Оған дейін өз командасы «Таразда» ойнап, кейін біраз уақыт «Қайрат» сапында өнер көрсеткен.
Отандасымыз осы уақытқа дейін клубтық деңгейде барлығы 258 матчқа қатысып, 78 гол соққан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.