in

Астанадағы әлем кубогы: Нұрбек Оралбай 1/4 финалға жолдама алды

2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің 1/8 финалында жеңіске жетті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 80 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Мурад Аллахвердиевпен кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Нұрбек Оралбай айқын басымдық танытып, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған еді.