in

Балуан Ислам Евлоев Астанадағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев алғашқы белдесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы белдесуінде Мысыр балуаны Мохамед Габармен кездесті.

Ислам Евлоев қарсыласын 5:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.