in

Бахтиёр Зайнутдинов «Динамо» клубына ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов ресми түрде Мәскеудің «Динамосына» ауысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«А әрпінен басталатын қала – Жамбыл, яғни Тараз. Өйткені ол жақта жылы, ол жақта «Динамоның» жаңа ойыншыларының бірінің үйі бар. Бұл кім? Жақында біле аласыздар!»  – делінген жазбада.

Бұл жолғы креативті таныстырылым Ресейдің “Динамо” клубына ауысқан Бахтиёр Зайнутдиновке қатысты жасалған.

27 жастағы Зайнутдинов Ресей футболына жақсы таныс.  Ол бұған дейін «Ростов» сапында 35 матч, ЦСКА құрамында 83 матч өткізген. Ал «Бешикташта» өткен маусымда жарақатына байланысты небәрі 9 ойынға қатысқан.

Айта кетейік, «Динамоның» бас бапкері Валерий Карпин Зайнутдиновпен «Ростовта» жұмыс істеген әрі оны команда сапында қайта көргісі келетінін ашық айтып еді.