in

Бибісара Асаубаева Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанды (фото, видео)

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева WR Women’s Chess Tour 2026 рапид-турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы WR Chess-тің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды, деп жазады astana24.com.

Бибісара Сен-Тропеде өткен WR Women’s Chess Tour еуропалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

"Ол ширек финалда да, жартылай финалда да армагеддоннан өтті. Ал финалда Мария Музычукты 2:0 есебімен жеңіп, турнирді сенімді түрде аяқтады", – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар блиц-турнирдің өтетінін де жариялады. Оған дәл осы спортшылар қатысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от WR Chess (@wrchessofficial)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ChessBase India (@chessbaseindia)