Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Сақыш Астанада өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде германиялық Татьяна Обермайермен жұдырықтасты.
Нәтижесінде, Әнел Сақыш үш рет қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жектің қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.