in

Боксшы Айбек Оралбай әлем кубогының 1/2 финалына өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.

ҚР ҰОК мәліметінше, Айбек Оралбай 1/2 финалға шығу үшін италиялық Диего Ленциге қарсы айқасты. Нәтижесінде отандасымыз үш раундтың қорытындысы бойынша басым түсті.

Осылайша, Айбек Оралбай кем дегенде әлем кубогының қола жүлдесін Қазақстан құрамасының қоржынына салды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.