in

Бразилия боксшылары Астана төрінде

Бас қалаға Бразилия мемлекетінің боксшылары келіп жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бразилияның ерлер командасында Панамерика ойындарының күміс жүлдегері Майкл Триндад 55 келіде өнер көрсетеді. 

ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, әйелдер сапында Олимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері Беатрис Феррейра бар. Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасында күміс, 2024 жылы Парижде қола медальға қол жеткізген. Әлем чемпионатында 2 рет топ жарған. 

Сонымен қатар 51 келіде 2024 жылы Панамерика ойындарының жеңімпазы Каролин Алмейда да қатысады. 

Екі күннен кейін Астанада дүбірлі дода жалауын көтереді. Аталған бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.