Болгарияда армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында “Шардара Армспорт” құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Үш спортшының бұл жеңісі қазақ спорты үшін тарихи оқиға болып отыр. Себебі бұған дейін ел тарихында бір әулеттің үш ұлы бір жарыста чемпион атанбаған.
Дүбірлі додада ел намысын қорғаған спортшылардың ең кенжесі – Ибрагим Бекнұр. 14 жасар спортшы жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Оның ағасы Ибрагим Азамат – 15 жаста. Ол жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта жеңіске жетті. Ибрагим Әділет – 18 жаста, жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта әлем чемпионы атағына ие болды.