in

«Бұл жеңіс – бәріміздің бірлескен еңбегіміздің жемісі» – Аман Бақытжан

Айтуынша, боз кілемге шыққанда бар ойы – қарсыласын ұту.

– Әр спортшының боз кілемге шығарда өз ойы болады. Менің бар ойым – қарсыласты ұту, ертеңгі күні үй ішім менімен мақтансың, ата-әжеме көмектесу. Жеңіске жеткенімді түсіндім. Дегенмен эмоциямды көп білдіре бермеймін. Алып-ұшып тұрған ешқандай сезім болмады. Жалпы, олимпиада финалисі, әлем чемпионатының жеңімпазы боламын деген ой болмады. Күнделікті істеп жүрген ісіммен айналыстым. Қатардағы жаттығуым секілді кілемге шықтым, қарсыласыммен белдестім, – дейді Аман Бақытжан.

Grand Slam турнирінің қола жүлдегерінің айтуынша, оның бұл белдесуін үй іші көре алмаған.

– Жарыс жұмыс күні болғандықтан, олар менің белдесуімді көре алмады. Әйткенмен мені қолдап келген бауырларым, ағаларым, достарым, Бекжан Абдуалиев деген өз ағайым, құрамадағы бапкерлерге ризашылығым шексіз. Бұл жеңіс – бәріміздің бірлескен еңбегіміздің жемісі, – деді дзюдошы.

Оның айтуынша, ең  қиын белдесуі екінші кездесуде тайпай балуанымен болған.  

«Сонымен, біраз қиналдым. Іштей ұтуым керек деп жігерлендірдім. Оның үстіне, ағайлар бағыт-бағдар беріп, нұсқауымен жеңіске жеттім» деген ол өзінің күреске келуін жүрегінің таңдауы екенін айтты.

– Күрес өзіме ұнайды, бұл – жүрегімнің таңдауы. Әлемдегі ең мықты деген балуандармен ұстасқым келеді. Осы әлемде бар екенімді,  қай жақтан шыққанымды көрсеткім келеді, – дейді Аман Бақытжан.