in

Виктория Графеева әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Виктория 1/4 финалда Өзбекстан елінің боксшысы Ситора Турдибековамен қолғап түйістірді.

Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.