in

Германиядағы әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Нысана көздеуден Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Тапаншамен 10 метрден оқ ату сайысында Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рақымжан күміс медаль жеңіп алды. Ол финалда 241.9 ұпай жинады. Мұнда қытайлық Ху Кай  топ жарды (242.3 балл). Үздік үштікті жарыс қожайыны Кристиан Рейтц түйіндеді.

Айта кетейік, іріктеуде Валерий 583 ұпаймен 6-сатыға тұрақтап, ақтық сынға жолдама алған.

Бұл әлем кубогына 78 елден 695 таңдаулы мерген жиналды. Мюнхендегі әлем кубогы дәстүрлі түрде жыл сайын осылай қатысушы мемлекет пен спортшы жағынан рекорд жаңартады. Жарыс 15 маусымда мәресіне жетеді. Қазір Қазақстан қоржынында 1 күміс жүлде бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.