Аталған рейтингке америкалық аңыз Мұхаммед Али мен Кларесса Шилдс, кубалық жұлдыздар Феликс Савон мен Теофило Стивенсон, украиналық Василий Ломаченко және өзбекстандық Баходир Жалолов енді.
Дегенмен, жанкүйерлердің бір бөлігі бұл тізімде қазақстандық Геннадий Головкиннің жоғын атап өтті. Себебі GGG әуесқойлар арасында 350 кездесу өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен. Сонымен қатар ол 2004 жылғы Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған.
Үздіктердің Олимпиададағы жетістіктеріне тоқталсақ:
· Үш дүркін чемпиондар – Феликс Савон (1992, 1996, 2000) және Теофило Стивенсон (1972, 1976, 1980);
· Екі дүркін чемпиондар – Василий Ломаченко (2008, 2012), Баходир Жалолов (2020, 2024) және Кларесса Шилдс (2012, 2016);
· Бір мәрте алтын иеленген – Мұхаммед Али (1960).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.