Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жерлесіміз 63 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетіп жатыр.
ҚР ҰОК мәліметінше, ол бұл кезеңде Солтүстік Корея өкілі Чан Киммен кездесті. Нәтижесінде Ержет Жарлықасын 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Ислам Евлоев (87 келіге дейін) 1/4 финалға өткен болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.