Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ивета Лесинцкитемен (Литва) кездесті.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Гүлсая Ержан үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды. Қорытынды есеп: 3-2.