Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Ғалия Тынбаева мен Шерзод Довлатов қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ғалия Тыныбаева 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.
Ал Шерзод Довлатов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.
Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күресті. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.