Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің жартылай финалында есе жіберді. Финалға жолдама беретін жекпе-жекте боксшы жергілікті Синсири Бунжонгқа жол берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша 65 келідегі жартылай финалдық сында Таиланд боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті, есеп – 5:0.
Бұған дейін Дулат Бекбауов ширек финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, қырғызстандық Мунарбек Сейитбек уулун жеңген еді. Турнирдің іріктеу кезеңінде иорданиялық Обада Аласбех кездесуден бас тартып, қазақстандық боксшы ширек финалға айқассыз шықты.
Ұлттық құрама мүшесі 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 67 келіде күміс жүлдегер атанса, 2022 жылы Азия біріншілігінде финалға дейін жетіп, ол кезде де күміс медальға ие болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.