in

Дәрігерлер 19 жастағы футболшы Диас Төлеудің неден қайтыс болғанын айтты

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 19 жастағы шабуылшы Диас Төлеудің қайтыс болу себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Футболшы «Хан-Тәңірі» мен «Екібастұз» арасындағы ойын кезінде есінен танып, құлап қалған.

«Қабылдау кезінде пациенттің тамыр соғысы мен артериялық қысымы болмаған, қарашықтары кеңейген. Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізгенімен, барлық қолданылған шараға қарамастан, өмірлік белгілерді қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді», – деді Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Осы оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.