Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
ҚР ҰОК мәліметінше, ол 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй иеленді. Үздік үштікті Абдулла Жасим Әли (БАӘ) түйіндеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
