in

Елдана Тәліпова алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстандық Елдана Тәліпова 80 келіден жоғары салмақта топ жарды.   Ол финалда үндістандық спортшыны айқын басымдықпен ұтты.

Әйелдер құрамасы сапынан тағы бір боксшы Виктория Графеева 60 келі салмақта алтын алса, Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) финалда жеңілді.

Ерлер құрамасынан боксшылар 2 алтын, 5 күмісті иеленді. Диас Молжігітов(80 келі) мен Төрехан Сабырхан (70 келі) сайыста топ жарды. Ал Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдегер атанды.

Thailand Open халықаралық турнирі 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтті.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.