in

Елдос Сметов қымбат көлігін көрсетті

Дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жаңа көлігін көрсетті, – деп жазды  Aikyn.kz.

Спортшының бауыры Жандос Сметов әлеуметтік желіде сурет жариялап, құттықтаған.

– «Тұлпарың құтты болсын, бауырым!», – деп жазды ол Instagram-да.

Суреттен Елдос Сметов жаңа көлігінің қасында тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары жаңа темір тұлпар алған спортшыны құттықтап жатыр.

Бұған дейін спортшы сыйлыққа алған көлігін сатылымға шығарған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.