in

Елена Рыбакина Қытайдағы ірі турнирде жеңіске жетті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық спортшы жарысты екінші айналымнан бастады.

ҚР ҰОК мәліметінше, оның алғашқы қарсыласы АҚШ өкілі Кэти Макнелли болды. Матч 7:5, 4:6, 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Келесі айналымда Рыбакина Германия спортшысы Ева Лиспен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.