in

Елордада конкурдан Қазақстан кубогы өтеді

Астанада 20-22 маусым аралығында «Арғымақ» базасында конкурдан Қазақстан Республикасының (кедергілерден өту) кубогы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген мықты спортшылар қатысады. Спорттық шара бағдарламасы екі санат бойынша өткізіледі. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсетеді.

Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен және халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастырылады. Бұл – жарыстың жоғары деңгейде өтуіне, әділ бағалануы мен кәсіби төрелікке кепілдік береді.

ҚР Кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дәрежесіне сәйкес дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталады.