in

Еркін күрестен әлем чемпионаты: Камиль Куруглиев қола медаль үшін күреседі

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Куруглиев италиялық Бенджамин Хонисті 4:3 есебімен ұтты.

Осылайша, отандасымыз қола медаль үшін күреседі. Оның қарсыласы ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпей болмақ.