in

Жапонияда жүйріктер бақ сынады

ҰОК мәліметінше, дүбірлі додада ел намысын бес спортшы қорғағанымен, жүлдеге іліне алмады. 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруге қатысқан Нора Джеруто 6-орын алса, Дейзи Джепкемей 27-орынға тұрақтады. 10 мың метрге жүгіруден Джепкемей 16-орын алды. Полина Репина 35 шақырым спорттық жүрісте аламанға қосылғанымен, жарысты аяқтай алмады. 20 шақырым спорттық жүріс кезінде Ясмина Тоқсанбаева 23-орынға табан тіреді. 

Айбике ЖАНАСЫЛ