in

«Жақсылық жүрекпен өлшенеді»: Назым Қызайбай көпбалалы аналарға көмектесіп, жұртты сүйсінтті

Боксшы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қайырымды іс жасап, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Боксшы биыл 1-сыныпқа баратын 40 баланың мектепке дайындығына демеушілік жасап, көпбалалы отбасыларға көмектескен. 

«Жаттығудан кейін өзіме тәнті болып келе жатырмын. Минус 2 миллион, 40 бақытты бала + күлімдеген көпбалалы ата-аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді», – деді боксшы.

Спортшы бұл істі алдағы уақытта жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.