in

«Жақ сүйегі сынған»: «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков алдағы матчтарға қатыса алмайды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып, алдағы ойындарға қатыса алмайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Алдын ала қойылған диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, Темірлан жақын арадағы матчтарға шыға алмайды. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі», – деді «Қайрат» футбол клубының медиа-офицері Арман Жақсығұлов.

Айта кетейік, Алматыдағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Премьер-лиганың 23-тур ойынында күтпеген жағдай болды. Ойынның 10-минутында алматылық клубтың негізгі қақпашысы әрі ұлттық құраманың ойыншысы Темірлан Анарбеков қарсылас Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынғаны анықталды.