in

Жеңіл атлет Аида Ақылбекова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үздік үштікке енді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан қола жүлдеге ие болды , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жүлдені 3000 метрге жүгіру сайысында сәтті өнер көрсеткен Аида Ақылбекова жеңіп алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы 10:45.21 уақыт көрсеткішімен үшінші болып мәреге жетті.

Өзбекстандық Анастасия Сильченко жарыс жеңімпазы атанды – 09:43.61. Екінші орынды Қытай спортшысы Юй Сяосюань иеленді – 10:21.85.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.