in

«Жеңіс» футбол командасының ойыншысы жол апатынан көз жұмды

Қазақстан футбол федерациясы «Жеңіс» әйелдер командасының ойыншысы Виктория Кайсаринованың қаза табуына байланысты жақындарына көңіл айтты, – деп жазды Aikyn.kz.   

«Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Викторияның өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Викторияның ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.