Жүзуден Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Әділбек Мусин рекорд орнатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықта Қазақстанның үздік нәтижесін жаңартты.
Қазіргі уақытта Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Мусин 23,36 секунд нәтиже көрсетті. Бұған дейінгі рекорд та Әділбекке тиесілі болатын – 23,40 секунд.
Айта кетейік, Әділбек Мусин жүзуден ҚР чемпионатында 50 және 100 метр қашықтықтарда баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.