in

Загребтегі әлем чемпионаты: Қазақстандық балуандар алғашқы белдесуді жеңіспен бастады

Загребте (Хорватия) еркін күрестен әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төрт қазақстандық балуанның үшеуі алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті.

70 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов 1/8 финалда америкалық Питер Дюкті ұтты.

61 келіге дейінгі салмақта Асылжан Есенгелді Нильс Леутертті (Швейцария) жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы – аустралиялық Георгий Окороков.

86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда литвалық Паулис Лескаускасты ұтып, 1/8 финалда Беларусь балуаны Магамедхабиб Кажымагомедовпен кездеседі.

Ал 125 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали болгариялық Ален Хубуловтан жеңіліп қалды.