Заңғар Нұрланұлы Нью-Йоркте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы АҚШ ашық чемпионатында екінші рет жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Заңғар Нұрланұлы #USOpenJuniors турнирінің 2-ші айналымында әлемнің 13-ракеткасы, польшалық Алан Важныны 6:4, 6:4 есебімен ұтып, келесі кезеңге шықты.
Енді үшінші айналымда Зангар финляндиялық Оскари Полданиуспен кездеседі.
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінде 54-орында тұр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.