Италия чемпионатының 10-турында «Интер» «Веронаға» қарсы ойнап, матчтың соңғы минутында жеңісті гол соқты. «Интер» соңғы 10 ойында тоғыз рет жеңіске жетіп, тек 25 қазанда «Наполиден» 1:3 есебімен ұтылған еді.
Верона – 1️⃣:2️⃣ – Интер
16′ Петр Зелиньски (0:1)
40′ Жиоване (1:1)
90+4′ Мартин Фресе (автогол, 1:2)
Қазір «Интер» А сериясы турнир кестесінде 21 ұпаймен үшінші орында тұр: 10 матчта жеті жеңіс, үш жеңіліс. Ал Чемпиондар лигасында команда үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті — «Юнионды» (4:0), «Спартаны» (3:0) және «Аяксты» (2:0) ұтқан.
Келесі ойын — «Интер» мен «Қайрат» арасындағы ойын 6 қарашаға қараған түні, сағат 01:00-де өтеді.
