in

Кезінде Сәкен Майғазиевтің ұлы да «Қайрат» футбол командасында ойнаған

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай “Қайрат” футбол командасына қатысты естелігін бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Блогер жігіттің сөзінше, ол бала күнінде командада ойнаған. 

“Мектеп кезінде шашушы едім. Әттең, менің жылдарымда профессионал футболда орысшаң жетік болмаса, шеттетуші еді. Сол күйі көңілім қалып, тастап кеттім. Мүмкін, бұл сөзім жай сылтау шығар”, – деп жазды Әділет. 

“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев те ұлының құрамада ойнағанын растады. 

“Негізі, ұлым бүгін “Реалға” қарсы ойнап жүретін жігіт еді. Өзі қаржыгер боламын деп шешті. “Қайратқа” жеңіс тілеп қояйық, достар”, – деп жазды әнші.