in

“Кешірім бергеннің өзінде, жауапқа тартылады”: белгілі заңгер Шавкат Рахмоновтың жұбайы жайлы айтты

Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы жақында Жамбыл облысында қайғылы оқиғаға душар болды. Жол апатына байланысты ол бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы адвокат Бағдат Амандосұлы Sport24.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның сөзінше, жол-көлік оқиғасы кезінде екі адамның қаза табуына себепкер болғаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін жаза көзделуі мүмкін.

“Күдікті – кішкентай балалардың анасы. Бұл фактор сот үкімін жеңілдетуі мүмкін. Дегенмен бұл оны заң алдындағы жауапкершіліктен толық босатпайды. Қаза тапқандардың туыстары кешірім берген күннің өзінде, істің ауырлығына байланысты айыпты адам міндетті түрде жауапқа тартылады”, – деді Бағдат Амандосұлы.

Еске сала кетейік, жол апаты 27 шілде күні таңғы сағат 08:50-де республикалық маңыздағы Алматы-Екатеринбург автожолының 299-шақырымында болды. Полиция мәліметіне сәйкес, Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол талғамайтын көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін де біз Шавкат Рамоновтың келіншегі 5-10 жылға сотталуы мүмкіндігін жариялағанбыз.