Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Лиссабонда өткен Liga Portugal Awards марапаттау рәсімінде «Футбол тарихындағы үздік ойыншы» атағына ие болды.
Әлемдік спорттың айқын тұлғасына айналған Роналду бұл марапатты өзінің ең бағалы жетістіктерінің бірі деп атады.м
Ол алғыс сөзінде: «Бұл – елім үшін зор мәртебе. Мансабымда маған қолдау көрсеткен әріптестеріме, бапкерлеріме және жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын», – деді.
20 жылдан астам кәсіби мансабында Роналду жүздеген гол соғып, ондаған рекорд орнатып, көптеген беделді трофейлерге қол жеткізді. Сарапшылар оны табандылығы мен жеңіске деген жігері арқасында футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі деп бағалайды.