in

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов он үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Елеусінов филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 KO) жұдырықтасты. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда ол толығымен өтпеді: қазақстандық боксшы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі он үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал Джеймс Бэкон үшін бұл алтыншы жеңіліс болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.