in

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

16 мамырда Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекелей бағдарлама бойынша Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова медаль үшін бақ сынайды.

Топтық жаттығуларда еліміздің намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғайды.

Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.